Алдар Көсе туралы сериал 19-желтоқсаннан бастап "Ел арна" арнасында көрсетіле бастайды. Әр сериясы шамамен жарты сағатқа созылмақ. "Ел арнаның" тапсырысымен түсірілген сериалдың режиссері әрі авторы - Дин Махаматдинов. "Бұл сериалдың жаңашылдығы сол, Алдар Көсе бір сериясында ХІХ ғасырдағы байлардың аузын аштырып жатса, келесісінде Астана, Алматы қалаларындағы қарапайым тұрғын бейнесінде бүгінгі күннің кейіпкерлерімен қалжыңдасады. Сөйтіп ол бір дәуір мен екінші дәуірдің ортасында жүреді", - делінген "Дала мен қала" басылымында.