«Жайдарман» Көңілділер мен тапқырлар сайысы. Маусымашар
Жылдың басында «Маусымашар» фестиваліне еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған 150-200-дей команданың ішінен үздік 20 топ «Жоғарғы» лигаға, 20 топ «Премьер» лигаға таңдалынып алынады. Ары қарай классикалық кестемен ширек финал, жартылай финалдық ойындар өткізіліп, ақтық мәре, финалға 5-6 команда қатысады. Нәтижесінде Чемпион, жылдық үздік ойыншысы т.б. анықталады. Әзілдік форматтың жаңа түрі, топтық динамикалық сайыс, әр кезеңнің бір-біріне ұқсамайтын сайыс түрлері және де ең бастысы бәсекелестікпен жеңімпаз анықталуы басқа әзілдік жобалардан ерекшелеп тұрады.